Skip to main content

"№ 33 "Нұрсәт" балабақшасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 12 шағын ауданы, 15В үйі.
Жұмыс уақыты : ДС-ЖМ 08:00-18:30
Электрондық почта: do_nursat33@mail.ru

Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе

Лучшая мотивация – это  организованная деятельность совместно с родителями! В группе “Балдаурен” физинструкторы нашего детского сада организовали  ОД для детей  совместно с родителями и воспитателями. Предоставив  детям возможность проявить  свои лучшие качества, инициативу и самостоятельность родителям. Создали доброжелательную атмосферу, веселое спортивное настроение! А самое главное, что  и дети и родители получили огромное удовольствие и пользу для здоровья!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылға арналған мектеп жасына дейінгі балаларды ерте дамыту институты ағымдағы жылдың ақпан-мамыр айларында «Мен зеріттеушімін» атты ізденіс-эксперименттік іс-шаралар байқауы​ ұйымдастырып, республикалық кезеңінен өткізді.

Сайыстың мақсаты: Айналадағы дүниені тануға деген қызығушылықты қалыптастыра отырып, баланың жеке басының интеллектуалдық, шығармашылық дамуына ықпал ету, ой-өрісін кеңейту. Сайысқа мектеп жасына дейінгі балалар қатысты. Мектепке дейінгі кезең – эмоционалды сфера арқылы табиғатқа танымдық қызығушылық пен онымен қарым-қатынас жасауға деген құштарлықты қалыптастыруға болатын ең құнарлы кезең.

Қоршаған ортаның ластану мәселесіне назар аудару және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуды іздеу мақсатында «Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Амир Бихамбетовтың ата-анасымен бірлесіп «Таза қала» экологиялық жобасы әзірленді. Біздің Амир​ Республика бойынша бірінші орын алды! Амирді​ байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, алдағы уақытта шығармашылық табыс, толағай табыстар тілейміз! Біз мақтанамыз! Балаға жақсы тәрбие берген, жан-жақты дамытқан Бихамбетовтер отбасына мың алғыс.

Жоба жетекшісі: меңгеруші Кусмамбетова Ботагоз Қуантаевна

Тәрбиеші: Жардаева Айгүл Асқарқызы

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне арналған «Ана тілің-арын бұл» челлендж.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың бойында көркем сөз арқылы туған елінің тарихына деген құрмет, мақтаныш сезімін ояту.
Міндеттері: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және сөйлеу белсенділігін дамыту
өлеңдерді оқу барысында көркемдік және сөйлеу, орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
ата-аналар қауымын оқу іс-әрекетіне тарту
балаларды тәрбиелеуде ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ету.

МКҚК ДС 33 «Нұрсәт» меңгерушісі: Кусмамбетова Ботагоз Куантаевна.
Тәрбиеші: Жардаева Айгуль Аскаровна