Skip to main content

"№ 33 "Нұрсәт" балабақшасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 12 шағын ауданы, 15В үйі.
Жұмыс уақыты : ДС-ЖМ 08:00-18:30
Электрондық почта: do_nursat33@mail.ru

Құзыреттілік орталығы

«Өсу нүктесі» Құзыреттілік орталығының

жұмысын ұйымдастыру бойынша

Жылдық жоспар

2023-2024 оқу жылы

        Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске  асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 118-тармағын  орындау мақсатында озық педагогикалық тәжірибені  тарату және енгізу үшін 79 мектепке дейінгі ұйымдардың «Құзыреттілік орталығы» құрылды. (1 шілде 2023 жыл №192 бұйрығы)

       Ақтөбе облысы бойынша үздік педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында №33″Нұрсәт” балабақшасының базасында “Өсу нүктесі” құзыреттілік орталығы ашылып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде сыналған және ұсынылған инновацияларын, үздік тәжірибелерін тарату және тәрбиешілердің кәсіби әлеуетін арттыру үшін мектепке дейінгі ұйым базасында тұрақты негізде «құзыреттілік орталықтары» құрылды.

Мақсаты:

Білім беру қызметтерінің жоғары сапасына кешенді  көшуді жүзеге асыру, мектепке дейінгі сапалы білімге барлық балалардың тең қолжетімділігін  қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде сыналған және ұсынылған инновацияларын, үздік тәжірибелерін тарату және тәрбиешілердің кәсіби әлеуетін арттыру. 

Міндеттер:

  • Тікелей әкімшіліктен мотивация жүйесін қалыптастыруға,педагогтердің шығармашылық бастамасын дамытуға көшуді қамтамасыз ету;
  • Баланың дамуына әсер ететін қоршаған ортаның нақты көрсеткіштері негізінде білім беру қызметтерін көрсету сапасын басқару тетігін әзірлеу;
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің кәсіби деңгейін арттыру;
  • Сапалы білім беру қызметтерін ұсынуда мектепке дейінгі ұйымдардың әлеуетін арттыру;
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында көшбасшы басқарушылар корпусын құру;
  • Білім беру сапасының көрсеткіштері төмен мектепке дейінгі ұйымдардағы жағдайды жақсарту.

«Өсу нүктесі» Құзіреттілік орталықтары»  жұмысын ұйымдастыру:

  • Әрбір өңірде жақын маңдағы мектепке дейінгі ұйымдар үшін құзыреттілік орталықтарына айналатын кемінде екі эталондық балабақша анықталады;
  • Кадрлық ресурстарының деңгейін көтереді;
  • Материалдық базасын қажетті деңгейде жабдықтайды;
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметіне ата-аналардың жоғарғы қанағаттану деңгейіне қол жеткізеді;
  • Мектепке дейінгі ұйымдардың менеджмент деңгейін арттыру үшін көшбасшылық қағидаттарын кеңінен енгізеді;
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы көшбасшы-басқарушылар корпусын құрады;
  • Алдағы 3 жылда осындай құзыреттілік орталықтарының айналасында бірыңғай басқару орталығы бар мектепке дейінгі ұйымдардың Альянстарын құрады;
  • Мектепке дейінгі ұйымдардың мұндай бірлестігі өздерінің озық тәжірибесін, инновациялық технологияларды жинақтайды және тұрақты негізде таратады;
  • Өңірдегі сапалы тәрбиелеу мен оқыту деңгейіне қол жеткізген балабақшалар саны артады.

КРИТЕРИЙЛЕР:

  • балаларға арналған қолайлы жағдайлар;
  • заттық-дамыту ортасы;
  • білікті педагогтер;
  • үздік педагогикалық тәжірибе;
  • ата-аналарды тартудың тиімді тәжірибесі.
Атауы
1 Құзыреттілік орталығының ЖОСПАРЫ 2023-2024
2 Жоспары 23.02.2024 Дөңгелек үстел
3 Програмка Дөңгелек үстел 2024
4 Дуалды оқыту жүйесі
5 Видео ДУАЛКА 2023