Skip to main content

"№ 33 "Нұрсәт" балабақшасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 12 шағын ауданы, 15В үйі.
Жұмыс уақыты : ДС-ЖМ 08:00-18:30
Электрондық почта: do_nursat33@mail.ru

Инновациялық жұмыстар

«Құзіреттілік орталықтары»,

«Мектепке дейінгі ұйымдар тобында күні бойы екі тәрбиеші»

пилоттық жобалардың

өткізілуі бойынша қорытынды талдау нәтижелері

МКҚК №33 «Нұрсәт» балабақшасының базасында Мектепке дейінгі ұйымның тәжірибесінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие саласындағы озат тәжірибені тарату және еңгізу мақсатында  «Мектепке дейінгі тәрбие мен  оқытуды дамыту модельін» іске асыру шеңберінде «Құзыреттілік орталықтары», «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі тәрбиеші» пилоттық жобасын өткізілетін эксперименттік алаңдарды ұйымдастырылып, ECERS-R сапаны бағалаудың халықаралық шкаласы бойынша бағаланып өткізілді.

Пилоттық жобаның мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде апробациядан өткен және ұсынылған инновацияларды одан әрі тарату үшін объективті бағалау және шешімдерді әзірлеу мақсатында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы педагогикалық тәсілдердің пәрменділігін практикада тексеру.

Пилоттық жобаның  міндеттері:

  • тікелей әкімшілік басқарудан мотивациялық жүйе қалыптастыруға, педагогтердің шығармашылық бастамасын дамытуға көшу;
  • баланың дамуына әсер ететін қоршаған ортаның нақты көрсеткіштері негізінде білім беру қызметтерін көрсету сапасын басқару тетігін әзірлеу;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің кәсіби деңгейін арттыру;
  • сапалы білім беру қызметтерін ұсынуда мектепке дейінгі ұйымдардың әлеуетін арттыру;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы көшбасшы-басқарушылар корпусын құру;
  • білім беру сапасының көрсеткіштері төмен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жақсарту.

Пилоттық жобалардың критерийлері:

заманауи талаптарға жауап беретін материалдық-техникалық база;

заттық-дамытушылық орта;

білікті педагогтер;

үздік педагогикалық тәжірибе;

ата-аналарды тартудың тиімді тәжірибесі.

«Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі тәрбиеші» пилоттық жобасына  МКҚК №33 «Нұрсәт» балабақшасының 2 ересек (4-5 жас) орыс және қазақ тобы қатысып отыр. Орыс тобында 30 бала, қазақ тобында 32 бала жалпы алғанда екі топ бойынша 62 бала 4 тәрбиеші қатысып отыр.

I. Жобаларды жүзеге асыруға 4 тәрбиеші, 62  бала, 115 ата-аналар қатысты.

ІІ. Педагогтармен жұмыс:

  • Күнделікті тәрбиешілердің бақылауы (қосымша 2) 

               Екінші қосымшаға сәйкес біз Утегулова М.Т және Сарсенбаева О.А өз бақылауымызды күнбе- күн жүргізіп отырдық. Енді екі ай жан-жақты, белсенді, шынайы жұмыс барысында күні бойы біз балалармен тығыз жұмыс жасап, күн тәртібінен ауытқымай ақ  балалармен қызықты ойын сабақтар, қызықты сәттер өткізіп, жан-жақты ата –аналармен бірлескен түрде жұмыстар жүргізіп отырдық. Жәнеде ол өзінің оң нәтижесін берді деп айтуға болады. Топтағы балаларымызды бақылау негізінде іс-әрекеттері, заттық дамытушы ортаға қажеттіліктері, көңіл күйлері бақыланып, жұмыстар жүргізіліп отырды. Бақылау барысында балалардың қызығушылықтарын анықтау мүмкіндігі өте көп. Балабақшаға келгенде балалар бір-біріне, тәрбиешілерге яғни бізге қайырлы таң тілеп, амандасып, көңіл күйін өзі бағалап топқа кіреді. Қиналып келсе көңіл күйін сұрап, сол баламен жеке әңгіме жүргізіледі. Көңіл күй шеңбері құрылып, балалар бір бірімен қызықты күлкілі әдісте амандасты және ол балаларға ұнады. Біз топта гигиеналық шараларды сақтай отыра, өзіне-өзі қызмет көрсетуге үйретуді ары қарай жалғастырудамыз. Баланың жұмысын бақылай отырып, әр жұмысты қаншалықты таза және ұқыпты жасағанын, балалардың ішінде қайсысы өзі таңдаған ойынның мәресіне жете алғанын, таңдап алған дидактикалық логикалық ойындардың, сюжетті-рөлдік ойынның мазмұнын, ережесін меңгере алғанын бақылап   анықтап  отырдық. 

           Ойындарды бақылау процесінде немесе жалпы күні бойы топта бір-біріне көмек көрсетуді, бір бірін тыңдай естей білуді  толығымен үйрету үшін тәрбиеші балаларға қандайда бір дұрыс ұсыныс бағыт беріп, балалардың ойларымен санасып отыру қажет.

          Сонымен қатар біз балаларға топтың ережесін әрқашан айту арқылы белгілі бір тәртіпке үйреттік және бұл кезең өте нәтижелі және қызықты болды. Міне осылайша  балаларда топтағы кеңістікті-заттық дамытушы ортаны дұрыс ережеге сай пайдалана білу ұғымы қалыптасты.

         Балаларға әрқашан әркезде таңдау жасауға мүмкіндік беріп отырдық Мен тәрбиеші ретінде балаға таңдау беру арқылы не жасағысы келетінін білемін. Әр балаға жеке көңіл бөліп, ойнаған ойынына, іс әрекетіне қарап жақынырақ танимын. Балалардың өздері таңдаған іс әрекетті аяқтауға мүмкіншілік беремін, дегенмен шығармашылық ойынға көбірек уақыт керек. Ойын барысын бұзбас үшін кестеге сәйкес ойынды жалғастырамын. Балалардың көңіл күйі түспес үшін кітаптар оқып, ойындар ойнатамын. Ойын бала үшін маңызды. Ойынның уақыты келгенде қуанады. Балалар арасында келіспеушілік те болады. Олардың арасында жылы қарым қатынас орнату үшін жылы сөздерді айтамыз, жылулық шеңберін құрамыз.

        Балаларға ойнауды үйрету үшін ойынның мазмұнын, ережесін нақты түсіндіремін. Топтағы балалардың үніне құлақ асуға аса қарқынды мән берілуде. Ұялшақ балаларға сұрақ қою, әңгімелесу, сюжетті рөлді ойындарға қатыстыру арқылы олардың сөйлеуіне, сөздік қорының молайтуға баса назар салынуда. Олар бір-бірімен сөйлесуіне ықпал ете отырып, еркін өз ойын жеткіуге жұмыстар жүргізілуде.Түрлі тақырыптарда тақпақтар, өлең шумақтарын жаттап, педагогтар балалардың есте сақтау қабілетін дамытуда.

Пилоттық жобадағы шарт бойынша екі тәрбиеші жұмыстарды бірге, бірлесіп, ынтымақтасып жүргізуде. Еркін әрі шығармашылық ойындарға уақытты барынша көбірек жұмсауға жұмыстанудамыз. Алғашқы апталарда топта балалар шулайтын болса, бүгінгі күні әрбір бала ертең қай жерде оқығысы келетінін кештен бастап анықтайды, еркін ойынға, кітап оқуға, қарым-қатынасқа көбірек уақыт бөлініп, пилоттық жоба соңында балалардың даму бағыты өзгеше жақсы жаққа өзгерді деп айтуға болады.       

 Күнделікті жұмыс жоспары (қосымша 4)

      4-қосымша бойынша

      Пилоттық жоба барысында сан түрлі тәрбиешілердің қиындықтары болды, бірақ эксперимент барысында сол қиындықтармен тәрбиешілер түрлі бағытта өздерін трансформациялау мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізілді. 4-қосымшаны толтыру барысында қиындықтар мен ұтымды тұстар анықталып, жұмыстар жүргізіліп отырды.

Атап айтатын болсақ:

– Жоба барысында балалардың санының көптігі және балаларға еркіндік, таңдауға мүмкіндік бере отырып сол бойда оларды жинақтау да қиындыққа түсті.

– Кеңістіктік ортаны бала санына сәйкестендіру арқылы балалардың қызығушылықтарын да ескере отырып әрқашан үшінші тәрбиешінің орнын атқаратын дамытушы ортаны жасақтау бастапқы кезде қиындық тудырғанымен, эксперимент соңында бала қызығушылығын бақылау арқылы анықтап алып жасақтадық. Балалар қазіргі таңда топтың ішінде өз қызығушылықтарын тауып өз беттерімен дамып жұмыстанып үйренуде және бұл балаларға өте қызықты.

– Ойын арқылы оқытуды жүзеге асыру мақсатында ортаны үнемі жаңартып, толықтыру болды.

– Материалдық базаны көбейту мүмкіндігі болса жақсы болар еді, себебі балаларды жан-жақты дамыту үшін әрқашан заттық дамытушы ортаны балалар қызығушылығына қарай апта сайын ауыстырып отыру қажет.

– Пилоттық жобаның қиындықтарын анықтау барысында жұмыс регламентінің ұзақтығы тәрбиешілердің физикалық тұрғыда және жүйке жүйесінің демалмауы қиындық тудыратынын анықтадық.

ІІІ. МДҰ әдіскері, психолог маманының бақылауы (қосымша 3).

Бақылау тобымен салыстырмалы талдау.

        3-қосымша бойынша Әдіскердің бақылауы негізінде  «Екі тәрбиеші» пилоттық жобаға қатысушы тәрбиешілер жұмыстары күн тәртібі негізінде бақыланды және қорытындыланды. 3 қосымша сұрақтары негізінде бақыланып жетістіктер мен кемшілікетер анықталып уақытылы ескеріліп түзетіліп, басқа жаңаша бағыт қарастыру жөнінде ұсыныстар беріліп отырылды. Пилоттық жоба кезіндегі жұмыс құрылымын түсінуімізге осы қосымшада көрсетілген сұрақтар көмекші құрал болды және маңызды бағыттарды анықтауға, балаларға ықпал ету мен тиімділікті бақылау үшін өте қолайлы болды. Ойын сабақ арқылы білім беру мазмұнды пәндік-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру өте маңызды рольді атқарды, себебі балалардың өздерін еркін ұстап қызығушылығын оятуда және жан-жақты дамуына үлкен септігі тиді. Пәндік-кеңістіктік ортаны ұйымдастыру өте маңызды рөл атқарады, өйткені ол балалардың еркін мінез-құлыққа деген қызығушылығын оятып, олардың жалпы дамуына ықпал еткендігін өз көзіммен көріп бақыладым.Тәрбиешілер жоба барысында балаларды оқыту үшін  түрлі ойындарды пайдаланды, бірақ бастапқы уақытта тәрбиеші жағынан бұйрықтық бағыт беріліп отырды, балаларды жинақтау немесе еркін таңдау жасату қиындық тудырды. Тәрбиешілер өздерінің іс- тәжірибелеріне сүйене отырып заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның көмегімен балалармен қарым-қатынас жасау және олар үшін жақсы оң тәжірибе ұйымдастыру арқылы, балалардың дамуына жағдай жасауда. Балаларға арналған тапсырмаларды, кітап түрлерін баланың дамуына сәйкестендіріп алып отырды. Балалар жоба соңында  мәселені алдын ала таңдап, іс-әрекет әдісін жоспарлай отырып, өз бетінше шеше алды, оны аяқтағаннан кейін балалар өз жұмысының нәтижесін талдап үйренді. Егер бұл әрекеттердің мәні мынада болса, балалар өте күрделі әрекеттерді өздері орындай алады. Пилоттық жоба барысында тәрбиешілер баланы жақсы біліп меңгеруге тырысты. Сонымен қатар бір мезгілде күрделі, бірақ қолжетімді  болып табылатын мақсаттарға жетуіне мүмкіндік берді. Тәрбиешілер оқытудың барлық әдістерін балалардың жасына және даму сатысына сәйкес қол жетімді етіп жасақтады. Топтағы балалардың дамуына сәйкес келетін тәжірибелерді түрлі бағытта және деңгейде ұсынып беріп отырды. Тәрбиешілер жоба барысында әр минут сайын балалармен іс-әрекеті мен қарым-қатынасы оқу мен дамудың нәтижелерін қарап бақылап, анықтап отырды.

Біздің Тәрбиешілер балалардың ынталану, жинақтылық, сенімділік, тәуелсіздік, физикалық жайлылық, көптеген дағдыларды игеру, жоғары сатылы ойлау, әлеуметтік қарым – қатынас және құрмет сияқты қасиеттерін дамытуға күн сайын назар аударып, өздерінің әрі қарай жұмыстарын апта сайын жоспарлап отырды.

Балаларды оқыту және олармен байланыс орнату балаға бағытталып отырды. Жоба барысында көптеген қиыншылықтар да болды, бірақ уақытында бақыланып жаңаша бағытқа өзгертіліп отырды.

ІV. Аймақтық әдіскердің бақылаулары (қосымша 5). Бақылау тобымен салыстырмалы талдау.

V. Ата-аналар сауалнамасының нәтижесі бойынша эксперименттік топтағы педагогтардың жұмысына қанағаттанушылық _81/84_%, бақылау тобында ата-аналардың қанағаттануы _70/73__% құрады. (диаграмма жасай алады)

VІ. Жұмыс қорытындысы.

  1. Бақылау нәтижелері бойынша, пилоттық жоба жұмыс жүргізуге төмендагідей мүмкіндік берді деген қорытынды жасауға болады:

– Әр баланың өз ойын, үнін естуге, бақылауға мүмкіндік берді

– Әр баланың қызығушылықтарын аңғаруға және жұмысты соған қарай бейімдеуге мүмкіндік берді

– Заттық-кеңістіктік ортада балалардың өздерін еркін ұстап, қызығушылықпен дамытуына мүмкіндік берді

–  Балалардың өз таңдауларын жасауға мүмкіндік берілді.

Қорытындылай келе пилоттық жоба соңында бұл жобаның балалардың жеке тұлға болып дамуына қосатын үлесі зор екенін түсіндік. Пилоттық жоба  аясында ECERS-R шкаласы арқылы осы аталған топ тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері сәуір-мамыр айлары бойына бақыланып, зерделенді. Пилоттық жоба  бағыты күнделікті оқу тәрбие жұмысынан өзгерек болғандықтан соған сәйкес балаларға қолжетімді, ыңғайлы, қызықты, көп функционалды заттық кеңістіктік орталар құрылып жасақтады. Балалардың қызығушылығын ояту, таңдау жасауға мүмкіндік беру және бала үнін ескеру, тыңдау мақсатында екі ай көлемінде жаңаша жан-жақты бағытта түрлі жұмыстар жүргізілді. Бұл әрине балалардың ата-аналарының қолдауымен және ұйымдастырылған біріккен жұмыстар нәтижесі болды. ҚР БҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры М.Е.Адамова 2 айлық пилоттық жоба барысында зерделеу жұмыстары жүргізіп, бақылау нәтижесімен сарапшыдан ұсыныс алып, нәтижесінде 4,1 баллдық көрсеткішпен эксперимент жұмысын аяқтадық.

     2. Жобалардың кемшіліктері немесе даулы тұстары:

– Тәрбиешілерге өз жұмысын жоспарлы түрде құруға уақыттың тапшылығы.

– Топтағы балалар санының көптігі;

VII. Шешімдері:

Ескерту . Сканерленген материалдарды талдауға тіркеңіз:

тәрбиешілердің жұмыс туралы апта сайынғы рефлексиясы;

– ДО әдіскерінің бақылау парақтары;

– облыс әдіскерінің бақылау парақтары;