Skip to main content

"№ 33 "Нұрсәт" балабақшасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 12 шағын ауданы, 15В үйі.
Жұмыс уақыты : ДС-ЖМ 08:00-18:30
Электрондық почта: do_nursat33@mail.ru

Орта – үшінші педагог

ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

          Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.

Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады.

«Open air» үлгісінде жасалған «Қысқы бақ» бөлмесі балабақшамызда маңызды дамытушы ортаның қызметін атқарады және балаларға қызықты, көп атқарымды, тартымды  жасақталған. Бұл ортада әдемі жан-жануарлар мекендейтін қыраттар (таулар), Ғарыш әлемі, қысқы гүлзар бағы, балаларға арналған өз-өзімен қалу орталары, шығармашылық орталығымен жасақталған. 

Дамытушы орта балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен әрекетін, балалардың қимыл белсенділігін, сондай-ақ олардың оңаша болуына мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек. Осы негізде Балабақша ауласының барлық жері ұтымды пайдаланылды.

Дамытушы орта мыналарды:

• Үлгілік бағдарламаның міндеттерін іске асыруды;

• инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда — оған қажетті жағдайлар жасауды;

• білім беру әрекеті жүзеге асырылатын ұлттық-мәдени, климаттық жағдайларды ескеруді;

• балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етуі тиіс.

Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:

– қауіпсіз;

– қолжетімді;

– әртүрлі;

– мазмұнды;

– көп атқарымды;

– өзгермелі; – тартымды.


Тұзды шахта