Skip to main content

ГККП Детский сад №33 "Нұрсәт"

Государственного учреждения
"Отдел образования г. Актобе"

Адрес: Республика Казахстан, город Актобе, 12-й микрорайон, 15В
Время работы: ПН-ПТ 08:00-18:30
Почта: do_nursat33@mail.ru

Мурзагалиева Акбота Сержанкызы

№33 «Нұрсәт» балабақшасының тәрбиешісі
Мурзагалиева Акбота Сержанкызы

Педагог – модератор

Мурзагалиева Акбота Сержанкызы, білімі – кәсіптік орта,   (Ақтөбе копперативтік  колледжі 2010- 2014жж «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»), Жоғары білімі (Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық 2017- 2020жж «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту». 2014-2015жылдары №9 “Бәйшешек» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасадым. 2015-2016 жылдары «Еркемай — Ертөстік» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасадым.  №33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі білім орталығында 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп келемін.Педогог арасында өз білімін әрі қарай жетілдіу мақсатында

        Мектеп жасына дейінгі балалларды тәрбиелеу және оқыту жұмыстарының әдіс тәсілдерін жетік меңгерген кәсіби шебер білікті маман ғана өз мақсатына жете алады.осы негізде мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін жан-жақты дамытуда оқу-тәрбие үрдісін инновациялар негізінде,жаңаша бағытта ұйымдастыруды,өзіндік пікірі бар белсенді тұлға етіп тәрбиелеуде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті№499 бағдарламасын басшылыққа  аламын.Бүгінгі күні тәрбиеші ақылшы педагог,ол өсіп келе жатқан бала үшін,жалпы азаматтық мәдениетті меңгеруде,бала мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы.

Педагогикалық кәсіби деңгейді арттыру мақсатында төмендегідей тақырыптар бойынша:
Халықаралық,республикалық,облыстық деңгейдегі жетістіктерім:
Өзімнің педагогикалық қызметтегі жетістіктерім:

Халықаралық деңгейде:
2019 жыл «Жаңа жылдық шырша -2020»  қалалық байқауы І дәрежелі диплом

2019 жыл «Көңілді аққала»    Мадақтама

2019 жыл  «Заманауи технологиялар және балалардың ерте даму әдістемелерін мектепке дейінгі ұйымдарда оқу процесіне енгізу тиімділігі» «Өрлеу» БАҰО      Куәлік

2019 жыл «Жаңа жылдық шырша -2020»  қалалық байқауы «Көңілді аққала» номинациясы Диплом

Республикалық деңгейде:

2020 жыл І Республикалық «Үздік тәрбиеші олимпиадасы — 2020» ІІІ дәрежелі Диплом

2020 жыл І Республикалық «Үздік тәрбиеші олимпиадасы — 2020» Сертификат

2021 жыл «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми әдістемелік сайты  Сертификат

2021жыл «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту»  Сертификат

2021жыл Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми әдістемелік сайты «Үздік  тәрбиеші»        І дәрежелі Диплом

2021жыл KИО.KZ Үздік тәрбиеші пәнінен республикалық интеллектуалды олимпиада

2021 жыл «Үздік тәрбиеші олимпиадасы-2021» атты ІІ Республикалық қашықтық олимпиадасы Сертификат

2021жыл KИО.KZ Үздік тәрбиеші пәнінен республикалық интеллектуалды олимпиада                Егеменді елімнің балаларын тіл өнерін қадірлей білуге тәрбиелей отырып,баланың шығармашылық қабілетін  жетілдіруде,дамытуда түрлі жұмыстарды,озық технологияларды пайдаланып,әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отырмын.
       Өз білімін жетілдіру арқылы педагоггтың құзыреттілігін қалыптастыруда,тәлім тәрбиенің алғашқы ірге тасы мектепке дейіегі ұйымдарда берік қалануы үшін тәрбиешілердің өз істеріне асқан жауапкершілік танытып,жан-жақты тұлға тәрбиелей білуі үздіксіз ізденістің нәтижесі ретінде,бала тәрбиелеу ісінде өзімнің шығармашылық өз үлесімді қоса беремекпін.

МІНЕЗДЕМЕ

      Акбота Сержанкызына біліктілігі жоғары деңгейдегі маман. №33 «Нұрсәт» балабақшасын 2016 жылдан бері тәрбиеші қызметін атқарып келеді. Және де аз уақыт болса да әдіскерлік қызмет атқарды.

     2014 жылы Ақтөбе кооперативтік колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 2020 жылы Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетін «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 2020  мамандығын тәмамдаған. Өзінің тәрбиешілік қызметі барысында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту әдістерін жақсы меңгерген маман.

      Балалармен жұмыс барсында балалардың қызығушылығын, көтеріңкі көңіл-күй тудыратын, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететін іс-әрекеттер енгіземін деген ізденімпаздығын, белсенділігін көрсетуде. Мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін арттыруда жаңашылдықпен жұмыс жасап, ұйымдастырылған оқу қызметі барысында 4К моделін және де жаңа технологияларды қолдана білетін тәрбиеші.

        Мурзагалиева Акбота Сержанкызынның  шығармашылық көзқарасы оның қызметкерлермен тіл табыса алатындығын, балаларды ұйымдастыру қабілеттілігін, тәрбиешілік қызметіне үлкен көзқараспен қарайтындығын дәлелдейді.

       Өзінің тәрбиешілік қызметінде қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде жетістіктерге қол жеткізе алды. 2019 жыл «Жаңа жылдық шырша -2020»  қалалық байқауы І дәрежелі диплом 2019 жыл «Көңілді аққала» Мадақтама 2019 жыл «Жаңа жылдық шырша -2020»  қалалық байқауы «Көңілді аққала» номинациясы Диплом  номинациясын иеленді.

            Мінезі жайдарлы, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ізденімпаз, шығармашыл, білім           

    орталығының қоғамдық және ішкі жұмыстарын белсенділікпен қатысып, әріптестерінің арасында     

    құрметке ие педагог. Үнемі ізденетін, жаңашыл, теорияны, тәжірибемен ұштастырған,    

    мамандығының қыры мен сырын терең игерген білікті маман.