Skip to main content

ГККП Детский сад №33 "Нұрсәт"

Государственного учреждения
"Отдел образования г. Актобе"

Адрес: Республика Казахстан, город Актобе, 12-й микрорайон, 15В
Время работы: ПН-ПТ 08:00-18:30
Почта: do_nursat33@mail.ru

Умарова Галия Бисембаевна

Ақтөбе қаласы №33»Нұрсәт» балабақшасының  қазақ тілі   пәнінің мұғалімі Умарова Ғалия Бисембаевна

Туған жылы:04.12.1963 ж.

Ұлты: қазақ

Мамандығы: қазақ тілі пәні мұғалімі

Санаты: Жоғары  «Педагог-зерттеуші»

     Умарова Галия Бисембаевна осы мекемеде 2008  жылдың қыркүйек айынан бастап қазақ тілі  пәні мұғалімі қызметін атқарады.

     Қазақ тілі пәні мұғалімі  қызметін атқару  барысында Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңына, нормативтік құжаттарына, және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру Стандартын басшылыққа ала отырып ,өскелен ұрпаққажүйелі оқу іс –әрекетін қалыптыстыруға ,балалардың шығармашылық деңгейлерін дамытуда және мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруда өз үлесін қосып келеді.

     Республикалық, аймақтық , облыстық, қалаллық деңгейдегі байқаулар, семинар, конференцияларға қатысып, таңдаулы мамандардың  қатарынан көріне білген,үнемі шығармашылықпен жұмыс жасайтын жоғары санатты педагог.

Өз әріптестерімен іс-тәжірибесімен бөліседі және білім алған жеткіншектері  жақсы  нәтиже  көрсетуде. Оның тәрбиеленген бүлдіршіндері  бір қатар  Республикалық , облыстық, қалалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға иеленді.

   2019 жылы  Шымкент қаласында Халықаралық білім беру академиясы ұйымдастырған -І Республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы байқауында ерекше өнер көрсеткен жеткіншектерді шығармашылық деңгейде дамытудағы кәсіби іскерлігі үшін Дипломмен  және «Үздік педагог» төс белгісімен марапатталды.

    Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған дәстүрлі 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген «AZIA_EDUCATION» Халықаралық даму орталығымен ұйымдастырылған Республикалық «Ұлы халықтың-ұлы Абайы»атты байқауында «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбындағы жіберген бейне жұмысы ең үздік танылып, І-орынға ие болған Колмычкова Кристина және жетекшісі Умарова Галия Бисембаевна марапатталды.\ Нұр-Сұлтан қаласы, 1 маусым,2020ж\

  Онымен қатар, Республикалық сырттай байқауына қатысып » Зере әженің ізімен» — тақырыбындағы жіберген бейне жұмысы үздік танылып -ІІІ орынға Дипломмен марапатталды.

      «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы   ұйымдастырған «Қашықтық оқыту: сабақты әзірлеуден бастап білім ұйымдастыруға беру процесін ұйымдастыруға  дейін» атты курсын  оқып, Сертификат алды.\2020\

   Stepik-certificate- NIS Nazarbayev Intellectual Schools ұйымдастыруымен  «Учись учить дистанционно» атты қашықтық 40 сағаттық курсын тыңдап Серификатқа иеленді.

     Қазақстан Республикасының ақпарат  және қоғамдық даму Министірлігі және   ҚР Тұңғыш  Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн  олимпитада  сайтына балабақша қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған ІІІ Республикалық  «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасының жүлдегері \ ІІІ деңгейлі Диплом, Алматы,2021 \

   Жаңа технологияларға көңіл бөліп,тиімділігі жағынан пайдаланатын әдістемелерді  кеңімен қолдана отырып, жаңа әдебиеттермен жұмыс жасайды, қоғамдық жұмысына белсене араласып, өз қызметіне әрқашанда жауапкершілікпен қарайды.

     Умарова Г.Б. өзінің қызмет барысында дидактикалық материалдар , тірек кестелерін қолданып,сайыстар, ойын –саяхаттар еңгізуде.

     Көпұлттық топтарда балаларға қазақ тілін үйренудің  педагогикалық, психологиялық  негізінің бірі-қажетті арнайы жағдай тудыру, дамытушылық ортаны құру.Сондықтан, Галия Бисембаевна қазақ тілі кабинетін техникалық жабдықтармен, дидактикалық ойын-материалдармен, модель және тірек кестелермен қамтамасыз еткен. Умарова Г. Б.  өз әріптестерінің алдында сыйлы, қоғамдық жұмысқа жауапкешілікпен қарайтын педагог.