Skip to main content

"№ 33 "Нұрсәт" балабақшасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 12 шағын ауданы, 15В үйі.
Жұмыс уақыты : ДС-ЖМ 08:00-18:30
Электрондық почта: do_nursat33@mail.ru

Құрметті ата -аналар және қала тұрғындары!

«Ақтөбе қаласының білім бөлімінің» ММ мемлекеттік және мемлекеттік тапсырыс негізіндегі балабақшаларда бос орындардың balabaqsha.akt.kz_ сайтына жарияланатындығын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 14 шілдедегі №337 бұйрығына сәйкес барлық қалалық білім бөліміне қарасты балабақшаларда жолдама беру процесі автоматтандыру бойынша жүргізіледі.
Жолдама алу үшін balabaqsha.akt.kz_ сайтына электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану арқылы кіруге болады. Мектепке дейінгі ұйымдар әр дүйсенбі сайын balabaqsha.akt.kz_ сайтына бос орындар салынып көрсетіледі.
Алғашқы 3 күндікте жеңілдік санатындағы кезекте тұрған ата-аналар алады.
Бұл санатқа мыналар кіреді:
➢ әскери қызметшілердің және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары;
➢ заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың балалары;
➢ ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
➢ жетім балалар;
➢ көп балалы отбасылардан шыққан балалар;
➢ педагогтердің балалары;
➢ мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар;
Егер жеңілдік санатындағы ата-аналар 3 жұмыс күні ішінде жолдама алмаса, онда жалпы кезекте тұрған ата-ана balabaqsha.akt.kz_ сайтына жолдама ала алады.
Дегенмен де қазіргі таңда автоматтандырылған жүйеге сәйкес бір балабақшадан екінші балабақшаға ауыстыру қарастырылмаған. Ата-ана электрондық (ЭЦП) қолтаңбамен balabaqsha.akt.kz_ сайты арқылы баласын қайтадан кезекке қойып, барып жүрген балабақшасына арыз жазып шығу керек. Содан кейін ғана екінші балбақшаға жолдама ала алады.
Мемлекеттік балабақша 1068 бос орынға және мемлекеттік тапсырыс негізіндегі балабақшаға 1337 бос орындар жарияланды.