Skip to main content

"№ 33 "Нұрсәт" балабақшасы" МКҚК

Ақтөбе қаласының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 12 шағын ауданы, 15В үйі.
Жұмыс уақыты : ДС-ЖМ 08:00-18:30
Электрондық почта: do_nursat33@mail.ru

АРНАЛҒАН КЕҢЕС

«АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ

«№33 «НҰРСӘТ» БАЛАБАҚШАСЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ

 № 33 «НҰРСӘТ» БАЛАБАҚШАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ

КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІ

Ата-аналар (заңды өкілдер) және мектепке дейінгі ұйымдарға  бармайтын балалар үшін тегін Кеңес беру пункті

Ашылған уақыты: 16 наурыз 2009 жыл

Ата-аналарға арналған консультативтік пункт Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-Ш “білім туралы” Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпандағы №83 “Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы” қаулысына сәйкес және Ақтөбе облысында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қолдау жөніндегі іс-шаралар  жоспарын бекіту туралы облыс әкімдігінің 2007 жылғы 18 мамырдағы №162 қаулысы негізінде құрылды. Кеңес беру пунктінің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, мектепке дейінгі жастағы балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата- аналарға психологиялық, педагогикалық, логопедтік көмек көрсетуге бағытталған.

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІНІҢ МАҚСАТЫ:

отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу, оқыту және дамытудың түрлі мәселелері бойынша ата-аналарға (немесе заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық, логопедтік көмек көрсету.

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІНІҢ НЕГІЗГІ

МІНДЕТТЕРІ:

1.Мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға (немесе заңды өкілдеріне) консультациялық көмек көрсету;

2.Мектепке дейінгі жастағы балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға әдістемелік, диагностикалық және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

3.МКҚК № 33 “Нұрсәт” балабақшасы мектепке дейінгі жалпы білім беру бағдарламасын іске асыру негізінде ата-аналар (немесе заңды өкілдеріне) мен бала тәрбиесін қолдау мен дамытуға мүдделі басқа да ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

4.Балалардың физикалық, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың кешенді алдын-алуды жүргізу.

БІЗ СІЗДЕРДІ – МККК №33 “Нұрсәт” балабақшасы жаныңдағы ата-аналарға (немесе заңды өкілдеріне) арналған кеңес беру пунктінде күтеміз:                   

Ақтөбе қаласы, 12 шағын аудан, үй15В

Мамандардың жұмыс кестесі сағат 08.30-ден 17.30-ге дейін.

Түскі үзіліс сағат 12.30-13.30 ге дейін.

                       Апта күндері                                                                    Қабылдау уақыты  
  Дүйсенбі    8.30-17.30  
  Сейсенбі    8.30-17.30  
  Сәрсенбі    8.30-17.30  
  Бейсенбі    8.30-17.30
  Жұма    8.30-17.30

ЕГЕР СІЗДЕ КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІНЕ БАРУ МҮМКІНДІГІ БОЛМАСА;

Сізді ойландырған сұрақтарды телефон арқылы қоя аласыз+7 (7132) 772644,+7 (7132) 772633

Телефонмен сөйлескен кезде “кеңес беру пунктінің маманына жазылу”қоңырауының мақсатын хабарлаңыз

Сондай-ақ, кеңес беру пунктінің маманына ескертумен ата-аналар (немесе заңды өкілдері) электронды пошта арқылы қашықтықтан байланыса алады: do_nursat33@mail.ru

Кеңес беру пункт сайты https://nursat.ai.kz/  арқылы ата-аналар (немесе заңды өкілдері) кеңес ала алады. Кеңес беру “кеңес беру пункттің” жұмыс жоспарына сәйкес жарияланады.

НАЗАР аударыңыз!

Кеңес беру пункті маманынан кеңес алу үшін өтініш беруші өзінің ата-ана  мәртебесін растайтын жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.

№ 33 «Нұрсәт» балабақшасы жанындағы кеңес беру пунктінің ата-аналар (заңды өкілдер) және балалармен жұмыс түрлері;

Ø Сауалнама, тесттер жүргізу

Ø Ата-аналармен «Таныс болайық» акциясын жүргізу

Ø Жарнамалық ақпараттар тарату

Ø Балалар құқығын қорғайық акциясын жүргізу

Ø Ата-аналар үшін ашық есік күні

Ø «Отбасымен диалог» сауалнама әңгімелесу

Ø «Мен бақытты баламын» қайырылымдылық акция

Ø Ата-аналарға арналған жадынама

Ø Балабақшаға бірінші рет

Ø Сақтаңдар балаларынды